Былтыр Қазақстанда 200 кәсіпорын салынды

/
Былтыр Қазақстанда 200 кәсіпорын салынды
istockphoto.com

2024 жылы Қазақстанда шамамен 200 жаңа кәсіпорын, оның ішінде 29 толыққанды зауыт іске қосылды. Олардың кейбірі Қостанай мен Саран қалаларында орналасқан, деп хабарлайды turkystan.kz.

Премьер-министрдің кеңесшісі Әлішер Қожасбаевтың айтуынша, жаңа өндірістер Петропавл, Көкшетау және Түркістан қалаларында да ашылып жатыр.

Ол индустрияландырудың табысты мысалы ретінде автокөлік өндірісін келтірді. Бұл сала импортқа тәуелділікті азайту үшін дамытылған.

«Шын мәнінде, елден валютаның кетуінің негізгі себептерінің бірі –  автокөлік импорты. Бұл – экономикадан доллардың ең көп шығуына әсер ететін фактор. Енді біз өзіміз сол көліктерді экспорттай алатын деңгейге жеттік. Қазірдің өзінде сатып алуға дайын елдер бар. Бірақ әзірге ішкі нарықты қамтамасыз етіп жатырмыз», – деді ол.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары