Алматыда ұлы туған шешесін қатыгездікпен өлтірді

/
Алматыда ұлы туған шешесін қатыгездікпен өлтірді
istockphoto.com

Алдын-ала деректерге сәйкес, қылмыс 30 қазанға қараған түні Бостандық ауданында, Дунаевский көшесіндегі үйдің бірінде болған, деп хабарлайды turkystan.kz.

«Аталған дерек бойынша Бостандық аудандық полиция басқармасы кісі өлтіру фактісімен қылмыстық іс қозғады. Күдікті – марқұмның 41 жастағы ұлы. Ол Психикалық денсаулық орталығында есепте тұрған, ұсталды», – деп хабарлады Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Қалған мән-жайлар анықталып жатыр.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары