Әскери қызметшілерге мемлекеттік білім беру гранттары бөлінді

/
Әскери қызметшілерге мемлекеттік білім беру гранттары бөлінді
Ortcom.kz

ҚР ҚМ Әскери білім және ғылым департаментінің бастығы полковник Мұрат Олжабаев мерзімді қызметтен өткен және әскерлерде іріктеуден өткен азаматтар әскери және арнайы ЖОО-ларға емтихан тапсырмастан түсе алатынын атап өтті, деп хабарлайды turkystan.kz.

«Sarbaz 2.0» ақпараттық жүйесінде Қорғаныс министрлігі, Ұлттық ұлан, ҚР ҰҚК Шекара қызметі, Мемлекеттік күзет қызметі және ТЖМ-нің әскери бөлімдері тіркелген. Олар 2022-2025 жылдардағы 120 мың әскери қызметшіні қамтиды.

«Әрбір әскери қызметшіге үш мамандық пен үш ЖОО-ны таңдауға мүмкіндік беріледі. Гранттарды бөлу белгіленген мерзімде, жауынгерлік даярлық нәтижелері және қорытынды тестілеу көрсеткіштерінің жиынтығы негізінде автоматты түрде жүргізіледі. 2025 жылдың бірінші жартыжылдығында 2010 әскери қызметші ЖОО-ларға мемлекеттік білім беру грантына және әскери және арнайы оқу орындарының 214 грантына ие болды. 2025 жылдың екінші жартыжылдығында азаматтық жоғары оқу орындарына 700 мемлекеттік білім беру гранты, әскери және арнайы оқу орындарына 277 грант бөлінді», - деді спикер ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары