Қазақстандық ауыр атлет Әлихан Әскербай Бахрейннің Манама қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарын жарқын жеңіспен аяқтады, деп хабарлайды turkystan.kz.
71 келіге дейінгі салмақта сынға түскен спортшы екі рет чемпион атанды.
Алдымен ол жұлқа көтеруде топ жарса, кейін серпе көтеруде де үздік атанды.
Әскербай 172 келіні еңсеріп, жасөспірімдер арасында әлем, Азия және Азия ойындарының рекордын жаңартты.
Екінші орынды қытайлық Чен Синсин (171 келі) иеленсе, Оңтүстік Корея өкілі Ха Джун Ким (167 келу) үздік үштікті түйіндеді.
Айта кетейік, Әлихан Әскербай жарыс барысында жалпы алты рекорд жаңартты.