Мексикада адам сүйектері салынған 48 қап табылды

/
Мексикада адам сүйектері салынған 48 қап табылды

Мексиканың Халиско штатына қарасты Сапопан муниципалитетінің аумағынан адам сүйектері табылды. Олар 48 қапқа салынған күйінде сақталған. Бұл туралы Арройо-Ондо ауданының жергілікті билігі растаған, деп хабарлайды turkystan.kz.

«Сапопан муниципалитетіндегі Арройо-Ондо ауданында орналасқан жасырын жерлеу орны әлі де алаңдатарлық "табыстармен" толығып жатыр. Билік өкілдері қаптарға салынған адам сүйектерінің саны 48-ге жеткенін хабарлады», - деп  жазды Tribuna de Mexico басылымы.

Қазір жерлеу орнында іздестіру және тергеу жұмыстары жалғасып жатыр. Мамандар бұл жерден тағы да жаңа қалдықтар табылуы мүмкін екенін жоққа шығармайды.

Бұл қорымды Guerreros Buscadores («Іздеуші жауынгерлер») қозғалысының еріктілері 26 қыркүйекте анықтаған, бірақ ақпарат қазір ғана жарияланды. Халиско штатында 15,9 мыңнан астам адам хабар-ошарсыз кеткен деп есептеледі. Сарапшылардың пікірінше, бұл жағдай аймақтағы қылмыстық топтардың әрекетімен байланысты.
 

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары