Париждегі Лувр мұражайынан тарихи зергерлік бұйымдар ұрланды, деп хабарлайды turkystan.kz france24.com-ға сілтеме жасап.
19 қазанда Париждегі Лувр мұражайынан тарихи жәдігерлер ұрланғаны анықталды. Таңертеңгі сағат 09:30 шамасында төрт қылмыскер бес минут ішінде галереяның екінші қабатынан 8-9 бағалы тарихи зергерлік бұйымдарды ұрлап кеткен.
Ұрланған заттар ішінде I Наполеон мен III Наполеонге тиесілі болған жәдігерлер бар. Мәселен патшайымдарға тиесілі сапфир диадема мен алқа, императрица Евгенияның тәжі. Айтарлықтай тарихи маңызға ие бұл жәдігерлерді ұрлау «мәдениетке жасалған шабуыл» деп бағаланды.
Қылмыскерлер мұражайдың сыртында тұрған автокөліктегі муляж «жүк көтергіш» арқылы екінші қабаттағы балконға шығып, терезені болгаркамен қиған. Ұрыларға шамамен 4-7 минут жеткілікті болған.
Франция президенті Эммануэль Макрон бұл оқиғаны «тарихымызға жасалған шабуыл» деп атап, қылмыскерлерді тез арада табу туралы бұйрық берді.
Қазіргі таңда полиция тергеуді бастап, галерея мен қасындағы көшелерде видео жазбалар мен қылмыскерлердің қозғалыстарын тексеруде. Ал сарапшылар бұл ұрлық Франция мұрасын қорғау саласындағы әлсіздікті әшкереледі деп шағымданады.