Нұрлан Байбазаров Президент Әкімшілігінің Инвестициялар және сауда бөлімінің меңгерушісі лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды turkystan.kz.
«Мемлекет басшысының өкімімен Нұрлан Серікұлы Байбазаров Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Инвестициялар және сауда бөлімінің меңгерушісі лауазымына тағайындалды», — делінген хабарламада.
Еске сала кетейік, Нұрлан Байбазаров 2024 жылы ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрі болған еді.