Жанар Айжанова қызы мен жиенін перзентханадан шығарып алды

/
Жанар Айжанова қызы мен жиенін перзентханадан шығарып алды

Танымал әнші Жанар Айжанованың қызы Айжұлдыз Адайбекова екінші некесінен туған ұлын перзентханадан алып шықты, деп хабарлайды turkystan.kz.

Блогер Айжұлдыз Адайбекова мен Сәкен Қағаров ұлдарының есімін Санат деп қойды. Сәбиді перзентханадан шығаруға екі жақтың ата-анасы қатысты. 

“10.10.2025 Кагаров Санат Сакенович . Welcome to our Family”, – деп жазды Адайбекова. 

Желі қолданушылары жұлдызды жұпқа құттықтау лебіздерін жазып жатты. 

“Сылдырмақ үлкейген сайын әжесіне ұқсап келеді. Бауырының бауы берік болсын! Құлыным бөпесін қызық көріп жүрген шығар”, “Бауы берік болсын!, “ Жандарым сол. Бөпенің бауы берік, денсаулығы мықты болсын. Өздерің бақытты, махаббатқа толы жұп болыңдар!”, – деді желі қолданушылары.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары