Ғалымдар күніне қанша келі ет жеу керектігін айтты

/
Ғалымдар күніне қанша келі ет жеу керектігін айтты
istockphoto.com

Тамақтану саласының мамандары The Lancet журналында баяндама жариялады. Онда салауатты тамақтанудың негізі – өсімдік тектес тағам болуы керектігі айтылған. Ал ет — тек сирек, қосымша тамақ ретінде пайдаланылуы тиіс.

Баяндамада мамандар «негізінен өсімдікке негізделген диетаны, жануар тектес өнімдерді қалыпты мөлшерде және қант, тұз бен қаныққан майларды мүмкіндігінше аз тұтынуды» ұсынады.

Деректерге сәйкес, қызыл етті (сиыр еті, шошқа еті, қой еті) тәулігіне 15 граммнан артық тұтынбау ұсынылады.

Ал тәуліктік норма былай бөлінеді:

  • 200 г көкөніс,
  • 300 г жеміс-жидек,
  • 210 г дәнді дақылдар,
  • 250 г сүт өнімдері,
  • 30 г балық немесе теңіз өнімдері,
  • аз мөлшерде ақ ет.

Ғалымдардың айтуынша, мұндай тамақтану үлгісі денсаулықты жақсартады, өлім-жітім деңгейін төмендетеді және дұрыс тамақтанбаудан туындайтын созылмалы аурулардың даму қаупін күрт азайтады.

 

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары