"Тұмау деп ойлаған": 20 жастағы жігіт екі аяғынан айырылды

/
"Тұмау деп ойлаған": 20 жастағы жігіт екі аяғынан айырылды
сурет: istockphoto.com

Ұлыбританияның Дербишир графтығында 20 жастағы Леви Дьюи қарапайым тұмау деп ойлаған аурудың соңы ауыр зардапқа әкеліп, екі аяғынан айырылды. Бұл туралы Unilad басылымы жазды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Леви алғашында өзін әлсіз сезініп, қызуы көтерілген соң, дәріханадан қарапайым тұмауға қарсы дәрілер ішкен. Алайда жағдайы күрт нашарлап, анасы «бірдеңе дұрыс емес екенін» сезіп, оны ауруханаға жеткізген.

Дәрігерлер науқасқа пневмококкты пневмония диагнозын қойды. Инфекция қанға тарап кеткен. Жігітті дәрігерлер жасанды комаға енгізіп, өкпе мен жүрек қызметін уақытша алмастыратын ЭКМО аппаратына қосты.

Дегенмен жағдайы өте ауыр болды, дәрігерлер оның аман қалу мүмкіндігін бар болғаны 30% деп бағалаған. Бірнеше күннен кейін мамандар өмірін сақтап қалу үшін екі аяғын тізеден төмен кесуге мәжбүр болды.

«Мен есімді жиғанда, Рождество өткен еді. Өмірім күрт өзгерді. Аяғым жоқ екенін қабылдау өте қиын болды. Бірақ мен әлі тірі екеніме шүкір етемін», – дейді Леви.

Үйіне оралған соң ол қайтадан жүруді, киінуді және көлік жүргізуді жаңадан үйренуге тура келді. Дьюи мойындағандай, ең ауыр сынақ – физикалық емес, психологиялық күйзеліс болған.

«Үйге қайтқанда өзімді бөтен адамдай сезіндім. Барлығын қайта бастауға тура келді», – дейді ол.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары