«Ішімдік ішкен»: Солнечный ауылында қаза тапқан 6 адам туралы тың дерек шықты

/
«Ішімдік ішкен»: Солнечный ауылында қаза тапқан 6 адам туралы тың дерек шықты
istockphoto.com

Павлодар облысы Солнечный аулындағы шаруа қожалығы маңында өрттен қаза тапқан адамдар туралы тың ақпарат белгілі болды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Pavlodarnews.kz жазуынша,қаза тапқан алты жұмысшы қайғылы оқиғаға дейін ішімдік ішкен

Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, шаруа қожалығы аумағындағы өрт сөндірілді.

«Өрттің себебі болжамды түрде отты абайсыз пайдалану болып табылады. Анықталғандай, жұмысшылар алдыңғы түнде ішімдік ішкен. Өрт кезінде үйде жеті адам болды. Оқиға орнында үш әйел мен үш ер адамның денесі табылды, қаза тапқандардың жеке басы анықталды. Олар шаруа қожалығының қызметкерлері», – деді департаментте.

Өрт сөндіру бөлімшелері келген кезде үй толығымен отқа оранып, шатыр құлаған, өрт жақын маңдағы шаруашылық ғимараттарына тарап кеткен.

1972 жылғы ер адам өз бетінше үйден шығып үлгерген. Алайда ол орташа ауырлықтағы көмірқышқыл газымен уланғаны белгілі болып, екібастұз ауруханасына жеткізілді. Тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Оқиғаның нақты себебі анықталып жатыр.

Еске сала кетейік, бұған дейін Солнечный ауылындағы шаруа қожалығында тұрғын үй өртен, 6 адам қайтыс болғанын хабарлаған болатынбыз.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары