Аймақтың ТЖД мәліметінше, Солнечный ауылындағы шаруа қожалығында өрт шыққаны туралы хабар түскеннен кейін оқиға орнына шамамен 30 құтқарушы мен 10 арнайы техника жіберілген, деп хабарлайды turkystan.kz.
Тұрғын үй толықтай отқа оранған. Шатырдың бір бөлігі опырылып түскен. Жалын ауладағы шаруашылық құрылыстарға да таралып, жалпы 920 шаршы метр аумақты шарпыған.
Өрт кезінде үйде 7 адам болған. Олардың бірі — 1972 жылы туған ер адам — өз күшімен сыртқа шыққан. Оған жедел жәрдем көмегі көрсетіліп, ауруханаға жеткізілді.
Оқиға орнынан алты адамның мәйіті табылды. Қаза болғандардың тұлғалары анықталып жатыр. Тергеу органдары трагедияның мән-жайын анықтауға кірісті.