Ұлыбританияда өткен дәстүрлі Күзгі көрмеде ерекше оқиға тіркелді — бірден жеті көкөніс әлемдік рекорд орнатып, Гиннестің рекордтар кітабына енді, деп хабарлайды turkystan.kz.
Жыл сайын қыркүйек айында өтетін Ұлыбританияның Ұлттық чемпионатында елдің үздік бағбандары өз еңбектерінің жемісін көпшілікке ұсынады. Биыл кейбір көкөністердің көлемі соншалық, оларды алаңға бірнеше адамның немесе тіпті кранның көмегімен алып шыққан.
Көрме барысында қазылар әр үлгіні мұқият қарап, ұзындығын рулеткамен, ал салмағын арнайы таразымен өлшейді. Биылғы чемпионатты Гиннестің рекордтар кітабының бас редакторы Адам Миллуорд және бас төреші бірге қадағалады. Нәтижесінде жеті жаңа рекорд тіркелді.
Биылғы жеті көкөніс-рекордшы:
Ең ұзын шалқан – 7,848 метр
Ең ұзын баклажан – 49 см
Ең ұзын кәді – 1,454 метр
Ең ұзын тәтті бұрыш – 26,7 см
Ең ауыр балдыркөк – 8,01 кг
Ең биік люффа өсімдігі – 11,672 метр
Барлық рекорд орнатқан бағбандар — тәжірибелі көкөніс өсірушілер, олардың әрқайсысы соңғы 30 жылда ондаған атаққа ие болған.
Айта кетсек, алып көкөністерді тасымалдау – нағыз сынақ: ұзақ жолда өнім зақымдалса, ол автоматты түрде жарыстан шеттетіледі. Бірақ бұл қиындықтарға қарамастан, британ бағбандары өз еңбегінің нәтижесін әлемге тағы бір рет дәлелдеді.