Түркістанда немере інілерін зорлаған үш ағайынды жігітке үкім шықты

/
Түркістанда немере інілерін зорлаған үш ағайынды жігітке үкім шықты
istockphoto.com

Түркістан облысының Келес аудандық сотында 24 жастағы ақыл-есі кем жігітке зорлық-зомбылық көрсеткені үшін айыпталған үш ағайындыға үкім шықты. Сот олардың әрқайсысын 9 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Оқиға туралы алғаш рет 2025 жылдың наурыз айында «НеМолчи.kz» қоры хабарлаған. Ұйымның дерегінше, даму деңгейі 4 жасар баланың деңгейіне сәйкес келетін жігіт бірнеше жыл бойы өз туыстары мен көршілерінің зорлығына ұшырап келген.

Жәбірленушінің анасы қылмысқа алты адамның, оның ішінде кәмелетке толмағандардың да қатысы бар екенін айтқан. Алайда сот алдында тек жәбірленушінің үш ересек немере ағасы ғана жауап берді.

Сот процесі жабық режимде өтті. Екі ағайынды бірнеше рет топпен зорлау (ҚР ҚК 121-бабы 2-бөлігі 1 және 4-тармақтары) бойынша айыпталды. Үшінші адам – топпен зорлау және ұрлық (121-бап 2-бөлік 1-тармақ; 188-бап) бойынша айыпталды.

Сотталғандар жәбірленушіге 5 миллион теңге мөлшерінде моральдық өтемақыны бірлесіп төлеуге міндеттелді.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары