113 жастағы бразилиялық қария ұзақ өмір сүрудің сырын айтты

/
113 жастағы бразилиялық қария ұзақ өмір сүрудің сырын айтты
сурет: Daily Star

Бразилияның Марангуапи қаласында тұратын Жуан Маринью Нету 113 жасқа толды. Ол қазір  әлемдегі ең жасы үлкен ер адам саналады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Daily Star жазғандай, Нету ұзақ өмір сүрудің басты құпиясы жақсы адамдардың ортасында болу дейді.

«Мен өмірімді шын мәнінде жақсы адамдармен өткіздім. Солардың арқасында өмірім мағыналы өтті», – дейді ол.

Жуан Маринью Нету 1912 жылы фермерлер отбасында дүниеге келген. Төрт жасынан бастап әкесіне егіншілік пен мал шаруашылығына көмектескен. Өмір бойы фермер болып, жүгері мен бұршақ өсіріп, мал ұстаған.

Оның екі некесінен жеті баласы бар, 22 немере, 15 шөбере және 3 шөпшек сүйген.

2024 жылғы қарашада Нету Гиннестің рекордтар кітабына енген, ол кезде ол 112 жас 52 күнге толған болатын. Бұған дейін бұл атақ британдық Джон Тиннисвудқа тиесілі болған.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары