Теннисші Анна Данилина Қытайдағы турнирдің 1/8 финалына шықты

/
Теннисші Анна Данилина Қытайдағы турнирдің 1/8 финалына шықты
olympic.kz

Қазақстандық теннисші Анна Данилина Шанхайда (Қытай) өтіп жатқан WTA 1000 турнирінің 1/8 финалына жолдама алды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Жарыста отандасымыз сербиялық Александра Круничпен бірге жұптық сайыста өнер көрсетіп жатыр.

Теннисшілер алғашқы айналымда америкалық София Кенин мен Дезире Кравчиктен басым түсті.

Кездесу 6:4, 7:5 есебімен аяқталды.

Ширек финалға өту үшін Данилина мен Крунич жапониялық Сюко Аояма мен испаниялық Кристина Букша жұбымен кездеседі.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары