"Бақытты әке боламын": Ford басшысы 17 жастағы ұлын зауытқа дәнекерлеуші етіп жіберді

/
"Бақытты әке боламын": Ford басшысы 17 жастағы ұлын зауытқа дәнекерлеуші етіп жіберді

Ford компаниясының бас директоры, миллиардер Джим Фарли өз ұлын болашақ инженер емес, дәнекерлеуші ретінде тәрбиелеуді жөн көрді. Ол 17 жастағы ұлын зауытқа жұмысқа жіберіп, «нағыз еңбек осында» деді, деп хабарлайды turkystan.kz Business Insider-ға сілтеме жасап.

Фарлидің айтуынша, болашақта қол еңбегі мен техникалық мамандықтардың маңызы арта түседі.

«Бәрі қирап қалғанда, жасанды интеллект инженерлері сымдарды жөндеп бере алмайды», – дейді ол. «Егер ұлым ең мықты дәнекерлеуші болса немесе дизель қозғалтқыштарын жөндейтін маманға айналса, мен әке ретінде бақытты болар едім».

Фарли осылайша қазіргі жастарға қарапайым техникалық мамандықтардың да қоғам үшін маңызды екенін көрсеткісі келгенін айтты.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары