Полиция бөлімшесінде жұмбақ жағдайда көз жұмған әйелдің артында жас баласы қалған

/
Полиция бөлімшесінде жұмбақ жағдайда көз жұмған әйелдің артында жас баласы қалған
istockphoto.com

Қарағандыда полиция бөлімшесінен табылған әйелдің өліміне байланысты тергеу жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды turkystan.kz.

Оның жанында ес-түссіз күйде учаскелік инспектор табылған. Telegram-арна «Патриот»-тың хабарлауынша, марқұмның артында ұлы қалған.

Арнаның мәліметінше, қаза тапқан әйел 23 жаста болған, 4 жасар ұлы бар. Ол еш жерде жұмыс істемеген және учаскелік инспектормен таныс болған. Марқұмның туыстары өлімнің нақты себебін білу үшін химиялық-токсикологиялық сараптаманың қорытындысын күтіп отыр.

Қарағандыдағы Михайлов полиция бөлімінің тірек пунктінен ес-түссіз табылған 36 жастағы учаскелік инспектордың жағдайы әлі де ауыр, бірақ бұрынғыдан тәуір.

«Жағдайының жақсару динамикасы бар», — деп хабарлады Қарағанды облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Еске салайық, 1 қазанға қараған түні Қарағандыдағы полицияның бір тірек пунктінен әйелдің мәйіті табылған еді. Сол жерде ес-түссіз жатқан полиция қызметкері де анықталып, ауруханаға жеткізілген. Оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу басталды.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары