Астанада қоғамдық көліктердің қозғалыс бағыты уақытша өзгерді, деп хабарлайды turkystan.kz.
City Transportation Systems (CTS) компаниясының мәліметінше, № 11, 32, 48, 57, 21, 2, 3, 14, 60, 66, 503, 50 автобустарының қозғалыс бағытына өзгерістер енгізілді.
Қала тұрғындары мен қонақтарынан өз сапарларын жоспарлау кезінде осы ақпаратты ескеру сұралады.
Бұған дейін Астанада Ұлы Дала даңғылының бір бөлігі бір аптаға шектелетіні хабарланған болатын.