Ұйқының қанбауы миды ерте қартайтады

/
Ұйқының қанбауы миды ерте қартайтады
сурет: istockphoto.com

Ұйқы сапасы мидың жасару немесе қартаю процесіне тамақтану мен дене белсенділігі сияқты ықпал етеді. Швециядағы Каролинска институтының ғалымдары жүргізген ауқымды зерттеу нәтижелері көрсеткендей, ұйқысы бұзылған адамдардың миы өз жасынан үлкен көрінеді. Жұмыс eBioMedicine журналында жарияланды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Зерттеуде 27,5 мыңнан астам орта және егде жастағы еріктілердің мәліметтері талданған. Барлық қатысушылардың миы МРТ арқылы сканерленіп, жасанды интеллект алгоритмдері негізінде олардың «биологиялық жасы» есептелді. Одан кейін ол паспорттық жаспен салыстырылды.

Ғалымдар ұйқы сапасын бес көрсеткіш арқылы бағалады: хронотип (таңертеңгі немесе кешкі белсенділік), түнгі ұйқы ұзақтығы, ұйқысыздық, қорыл және күндізгі ұйқышылдық. Нәтижесінде белгілі болғаны, әрбәр ұйқы қанбауы мидың шамамен алты айға «қартайғанын» көрсетеді. Ең нашар ұйықтайтын адамдардың миы орта есеппен бір жасқа үлкен болып шықты.

Мұның себебі ағзадағы жасырын қабыну процестерімен байланысты болуы мүмкін. Ғалымдардың айтуынша, шамамен 10% әсер осы факторға тиесілі. Сондай-ақ, ми жасушаларын түнде тазарту жүйесінің бұзылуы немесе жүрек-қан тамырлары денсаулығына кері ықпал етуі де ықтимал себептердің қатарында.

Зерттеу шектеулі: қатысушылар ұйқы сапасын өздері бағалады және үлгі жалпы халыққа қарағанда сәл саулау болып шықты. Дегенмен, бұл деректер ұйқының жеткіліксіздігі мидың биологиялық қартаюын жеделдететініне нақты дәлел болды.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары