Алматыға алғашқы қар түсті, деп хабарлайды turkystan.kz.
1 қазанда Алматыда күн бұлтты әрі жаңбырлы болды, ал қаланың тау бөктеріне қар жауды.
Қала тұрғындары әлеуметтік желіде Медеу, Көктөбе және тауға жақын аудандардан түсірілген видеоларды бөлісіп жатыр. Онда тау беткейлерін қар жапқанын көруге болады.
Синоптиктердің мәліметінше, бүгін Алматыда ауа температурасы +6…+7 градусқа дейін төмендеген.
Қала тұрғындарына 2 қазанда да нөсер жаңбыр жауатыны туралы хабарлама келді.
Еске сала кетейік, бұған дейін Тараз қаласында да алғашқы қар жауғаны туралы хабарлаған болатынбыз.