Қазақстандық теннисші Анна Данилина Бейжіңде (Қытай) өтіп жатқан WTA 1000 турнирінің ширек финалына жолдама алды, деп хабарлайды turkystan.kz.
1/8 финалда Данилина сербиялық Александра Круничпен жұптасып, америкалық Николь Меликар мен ресейлік Людмила Самсоновамен кездесті.
Матч қорытындысы бойынша Данилина мен Крунич 7:5, 3:6, 10:7 есебімен жеңіске жетті.