Қазақстанда қар аралас жаңбыр жауып, күн суытады

/
Қазақстанда қар аралас жаңбыр жауып, күн суытады
istockphoto.com

«Қазгидромет» баспасөз қызметі 2025 жылдың 30 қыркүйегі мен 2 қазаны аралығында Қазақстан аумағына арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Синоптиктердің мәліметінше, жылы күзгі күндерден кейін солтүстік өңірлердің тұрғындары қыстың лебін сезді – түнгі сағаттарда теріс температура тіркеліп, жекелеген аудандарда жаңбыр қарға ұласты.

«Алдағы күндері суық антициклон Қазақстан аумағы арқылы жылжуын жалғастырады, ауа райының қолайсыздығы енді оңтүстік өңірлерде де күтіледі. 1 қазанда Жамбыл, Алматы және Жетісу облыстарында, 2 қазанға қараған түні Түркістан облысында жауын-шашын (жаңбырдың қарға ауысуы) болжанады», – делінген хабарламада.

Сондай-ақ 1 қазанда күндіз ауа температурасының 5-10 градус жылыға дейін төмендеуі, ал 2 қазанға қараған түні 1-3 градус үсік жүруі күтіледі.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары