2025 жылғы 24 қыркүйекте KASE биржасындағы сауда қорытындысы бойынша «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ акциясының бағасы 21 834,44 теңгеге жетті, деп хабарлайды turkystan.kz.
IPO-дан бері бағалы қағаздардың құны 2,5 еседен астам өсті, ал төленген дивидендтерді қоса есептегенде инвесторлар үшін жиынтық кірістілік 177%-ды құрады.
Осы жылдың 24 қыркүйегіндегі жағдай бойынша компанияның нарықтық капитализациясы – 13,3 трлн теңге немесе 24,4 млрд АҚШ доллары. Жалпы алғанда, ҚМГ-нің нарықтық капитализациясы жыл басынан бері 49%-ға артты.
2022 жылы «Самұрық-Қазына» қорының ең ірі активі – ұлттық мұнай-газ компаниясы «ҚазМұнайГаздың» IPO-сы KASE және AIX биржаларында өтті. Орналастыру көлемі 153,9 млрд теңгені құрады, бір акцияның бағасы 8 406 теңге болған.