Перизат Қайрат пен анасының қазір қайда екені белгілі болды

/
Перизат Қайрат пен анасының қазір қайда екені белгілі болды
Ғаламтор

Бүгін Астана қаласының апелляциялық сатыдағы соты Перизат Қайраттың адвокаты мен оның анасы Ғайни Алашбаеваның апелляциялық шағымын қарайды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Сот отырысы басталар алдында журналистер мемлекеттік айыптаушыдан Перизат Қайрат пен Ғайни Алашбаеваның қазіргі уақытта қайда екенін сұрады. Прокурор көмекшісі Индира Жұмағалидың айтуынша, олар қазір елордадағы пенитенциарлық мекемелердің бірінде отыр.

«Соңғы деректерім бойынша, қалада, осында. Астанада», – деді ол.

Сонымен қатар олардың мүліктері әлі тәркіленбеген.

«Оған арест қойылған. Ал тәркілеу процесі үкім заңды күшіне енгеннен кейін жүзеге асырылады», – деді Индира Жұмағали.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары