Ресейдің Мәскеу мемлекеттік университетінде Ресей мен араб елдері ғалымдары ауқымды жобаны бастағанын ресми түрде жариялады. Тараптар арнайы орбиталық телескопты құруға бағытталған халықаралық консорциум құру жөнінде декларацияға қол қойды, деп хабарлайды turkystan.kz science.mail.ru-ға сілтеме жасап.
Құжатқа МГУ ректоры, Ресей ректорлар одағының президенті академик Виктор Садовничий мен Араб университеттері қауымдастығының бас хатшысы профессор Амр Эззат Салама қол қойған.
Жобаның негізгі мақсаты – Күн жүйесі шегінен тыс экзопланеталарды анықтау және оларды егжей-тегжейлі зерттеу, сондай-ақ тіршіліктің ықтимал белгілерін іздеу. Садовничий бұл келісімді соңғы жылдардағы ең ауқымды ғарыштық зерттеулердің іргетасы деп сипаттады.
Келісім нәтижесінде Халықаралық ғарыш станциясы деңгейіндегі кең халықаралық ынтымақтастық құрылуы мүмкін. Бастаманың тағы бір ерекшелігі – мұндай көлемдегі ғылыми бағдарламаны алғаш рет университеттер ұсынып отыр.