Филиппинде 14 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасында теннистен Азия жекелей чемпионаты мәресіне жетті, деп хабарлайды turkystan.kz.
Аталған жарысқа Азия теннис федерациясынан арнайы шақырту алған Асқар Әмір, Ясмин Дүйсембаева және София Малышева қатысып, Қазақстан намысын қорғады.
Жарыс қорытындысында Ясмин Дүйсембаева үшінші орын алып, қола медальға қол жеткізді. Бұл табыс оған алдағы жылы Аустралия ашық чемпионатының екінші аптасында өтетін Elite Junior Trophy 14 & Under турнирінде бақ сынауға жақсы мүмкіндік береді.
Қазақстандықтардан Elite Junior Trophy 14 & Under додасында Альбина Кәкенова 2023 жылы, Ева Корышева өткен жылы финалға дейін жетті. 2025 жылы Родион Трайгель қатысып қайтты.