Әлеуметтік желіге тәуелділік тұқым қуалайды – ғалымдар тосын тұжырымға келді

/
Әлеуметтік желіге тәуелділік тұқым қуалайды – ғалымдар тосын тұжырымға келді
сурет: istockphoto.com

Нидерландта жүргізілген зерттеу әлеуметтік желілерге тәуелділіктің тұқым қуалауы мүмкін екенін көрсетті, деп хабарлайды turkystan.kz.

Ғалымдар 6 492 егізді талдап, мынадай қорытындыға келген:
TikTok пен басқа желілерде лентаны шексіз айналдырып көру дағдысы 72% генетикаға байланысты, ал белсенділік (лайк басу, пікір жазу, пост салу) 54% тұқым қуалайды.

Сонымен қатар, әлеуметтік желілер мен психикалық денсаулық арасындағы байланыс әлсіз болып шықты: көрсеткіш –0,09 бен 0,10 аралығында. Яғни желілердің өзінен емес, адамның гені мен жеке ерекшелігіне байланысты.

Зерттеудің авторы, Макс Планк атындағы психолингвистика институтының маманы Селим Саметоглуның айтуынша, «әлеуметтік желілердің өзі адамдарды мазасыз не бақытсыз етіп жібермейді. Бұл көбіне адамның табиғатына байланысты».

Ғалымдар әлеуметтік желіні «психикаға зиян» деп біржақты бағалау дұрыс еместігін атап өтті: әсері әр адамда әртүрлі болуы мүмкін.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары