Қостанайда полицейлер 86 жастағы қарияның өліміне күдікті жігітті ұстады, деп хабарлайды turkystan.kz.
«Қостанай қаласындағы тұрғын үйлердің бірінің ауласынан зорлық-зомбылық белгілері бар 86 жастағы ер адамның мәйіті табылды. Осы дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды», – делінген полиция хабарламасында.
Жедел-іздестіру шаралары барысында полиция қызметкерлері күдіктінің кім екенін анықтап, ұстады. Ол – 17 жастағы жасөспірім болып шықты.
«Күдікті жергілікті кәмелетке толмаған тұрғын болып шықты. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп, оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр», – деп хабарлады полиция.
Еске салайық, қайғылы оқиға 30 қазанда болған. 1940 жылы туған зейнеткер Кубеев көшесіндегі үйінің ауласына серуендеуге шыққан. Белгісіз біреулер қарияның тамағын кесіп, оқиға орнынан бой тасалаған.