Сәтбаев қалалық сотында терроризмді насихаттаған жергілікті тұрғынға қатысты қылмыстық іс қаралды, деп хабарлайды turkystan.kz.
Сотта анықталғандай, сотталушы ауызша уағыздар айтып, бұрмаланған діни мәтіндерді мысалға келтіріп, қала тұрғындарының санасына әсер етіп, оларды радикалды идеологияға бейімдеуге тырысқан.
Сот процесінде мемлекеттік айыптаушы дәлелдемелерді зерттеуге белсенді қатысып, кәсіби біліктілігін танытып, мемлекеттік айыптауды толық қолдады.
Сот барлық мән-жайды ескере отырып, сотталушыны кінәлі деп танып, оған 5 жылмерзіміне бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.
Үкім заңды күшіне енді.