Алматыда жеңіл автокөлік пен туристік автобус соқтығысқан жол апаты болды. Жеңіл көліктің жүргізушісі зардап шегіп, ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды turkystan.kz.
Апат 22 қыркүйек күні таңғы шамамен 5:50-де Назарбаев даңғылында болған. Алдын ала мәлімет бойынша, Mitsubishi Lancer автокөлігінің жүргізушісі Назарбаев даңғылы бойымен солтүстік бағытта жүріп келе жатып, рөлге ие бола алмай, қарсы жолаққа шығып кеткен. Сол жерде Setra автобусымен соқтығысқан.
Жол-көлік оқиғасы салдарынан жеңіл автокөліктің жүргізушісі зардап шегіп, қалалық ауруханаға жеткізілді.
«Аталған жол-көлік оқиғасы бойынша тексеріс жүргізілуде. Нәтижесінде жүргізушінің әрекеттеріне құқықтық баға беріледі», – деді Алматы полициясы.