Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёевтің сынынан кейін Нарын ауданының әкімі жұмыс кеңсесін контейнерге ауыстырды, деп хабарлайды turkystan.kz Kazinform-ға сілтеме жасап.
Айта кетейік, 16 қыркүйекте Наманган облысына жұмыс сапарымен барған Шавкат Мирзиёев Нарын ауданындағы «Шурарик» махаллясының жай-күйімен танысты.
Тиісінше, Өзбекстан басшысы инфрақұрылымы күйреп тұрған мекеннің әкімін сынға алып, оған әкімдік ғимаратын тастап, аталған махалляның ескі нысанына көшуді тапсырды.
Сондай-ақ, оған осы аумақта түнеп, мәселені толық шешуді жүктеді. Осыған байланысты аудан әкімі кеңсесін «Шурарик» махаллясындағы контейнерге ауыстырды.