Тұмауды емдеуде лимон мен сарымсақ тиімді емес – дәрігер

/
Тұмауды емдеуде лимон мен сарымсақ тиімді емес – дәрігер
istockphoto.com

Лимон мен сарымсақ тұмаудың алдын алу мен емдеуде тиімді емес, деп мәлімдеді терапевт Кайван Хан. Ол HuffPost басылымына берген сұхбатында тұмау мен ЖРВИ маусымына дұрыс дайындалудың 5 қадамын атады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Дәрігердің айтуынша, күзде ағзаны қорғаудың ең маңыздысы – күн сайын жеткілікті ұйықтау. Дәрігер терең ұйқы цитокиндердің, сондай-ақ инфекциямен күресетін жасушалар мен антиденелердің түзілуін реттейтінін түсіндірді.

Сондай-ақ ол вирустың таралуын болдырмау үшін қолды жиі жуып тұруға және иммунитетті нығайту үшін дұрыс тамақтануға шақырды. Бұл ретте маман тек белгілі бір дәрумендері бар 2-3 өнімге байланып қалмау керегін атап өтті.

Оның пікірінше, ағзаның төзімділігі көкөніс, жеміс-жидек, көкшөп, ақуыз, май және көмірсулар кіретін әртүрлі тағам рационында жоғары болады.

Бұдан бөлек, Хан суық тиген белгілерді күтпей-ақ ыстық түсіретін дәрілерді, мұрынға арналған спрейлер мен тамақ ауырсынуына қарсы құралдарды алдын ала алып қоюды, сондай-ақ тұмауға қарсы вакцина салдыруды ұсынды. Оған ең қолайлы уақыт – қыркүйек, өйткені ол кезде сырқаттану деңгейі төмен.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары