«70 жаста жаңа өмір бастадық»: АҚШ-қа көшіп кеткен ерлі-зайыпты көптің қызу талқысына қалды

/
«70 жаста жаңа өмір бастадық»: АҚШ-қа көшіп кеткен ерлі-зайыпты көптің қызу талқысына қалды

Әлеуметтік желіде 70 жастарында АҚШ-қа қоныс аударып, Нью-Йоркте жаңа өмір бастағанын айтқан өскемендік Гүлзия мен Ерғали есімді ерлі-зайыпты көпшіліктің қызу талқысына түсті, деп хабарлайды turkystan.kz.

Гүлзия мен Ерғали Threads әлеуметтік желісінде парақша ашып, Америкадағы күнделікті өмірі туралы блог жүргізуді ұйғарған. Олар жаңа таныстықтары, саяхаттары, қуанышты сәттері мен кездескен қиындықтарын оқырмандарымен бөліспек.

Олар өмір бойы Қазақстанда мал дәрігері болып жұмыс істеп, бала тәрбиелеген. 

«70 жаста Америкада өмірді басынан бастауға бола ма? Біз осындай қадамға баруға бел будық! Өмір бойы мал дәрігері болып жұмыс істедік, бала өсіріп, тәрбиеледік. Ал енді Нью-Йоркте жаңа өмір бастауға талпынып жатырмыз. Жаңа тіл, жаңа таныстықтар, мұхит, жаңа әдеттер – бәрі біз үшін тың дүние. Ал сіздер 70 жаста осындай қадамға бара алар ма едіңіздер?», – деп жазды ерлі-зайыпты.

Ерлі-зайыптының жазбасы әлеуметтік желіде қызу талқыланып, түрлі пікір туғызды. Бірі олардың егде жасында басқа елге көшуге батылдық танытқанына тәнті болса, енді бірі бұл жаста жаңа тіл мен ортаға бейімделудің оңай еместігін атап өтті.

«Батыл қадам, Сәттілік! Уақыт көрсетеді, бірақ қиын шығар. Аман-есен болыңыздар, бауырлар!», «Қай жаққа барсамда өз еліме, өз жеріме ештене жетпейді! 3-4 куннен кейін қайтқым келіп тұрамын. Басында бәрә жақсы. Сосын қалай болады екен?! Осы жаста жер ауыстыру дұрыс па екен? Қазақстаныма ештене жетпейді», «Керемет! Жүз жасаңыз! 70-те бәрін тастап басқа елге көшу – бұл үлкен азаматтық, ерлік! Мен басқа қалаға көшуге әлі қорқып отырмын!, – деп жазды желі қолданушылары.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары