Қостанай облысында балалардың деректерін заңсыз таратқан мектептер анықталды

/
Қостанай облысында балалардың деректерін заңсыз таратқан мектептер анықталды
istockphoto.com

Ұзынкөл ауданының прокуратурасы білім беру ұйымдарында балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы заңбұзушылықтарды анықтады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Екі мектептің лауазымды тұлғалары оқушылардың дербес деректерін олардың заңды өкілдерінің алдын ала жазбаша келісімінсіз қызмет көрсетуші ұйымдарға бергені белгілі болды.

Сонымен қатар білім беру ұйымдарының бірінің ресми сайтында кәмелетке толмағандардың дербес деректері қамтылған құжаттар ашық қолжетімділікте орналастырылған.

Аталған заңбұзушылық үшін мекеме басшысы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 79-бабының 2-бөлігі бойынша әкімшілік жауаптылыққа тартылды.

Бұдан бөлек, білім беру ұйымдарында интернет-контентті тиісті деңгейде сүзгілеу қамтамасыз етілмегені анықталды. Соның салдарынан оқушылар зорлық-зомбылық пен құмар ойындарды насихаттайтын, сондай-ақ деструктивті мазмұндағы интернет-ресурстарға қол жеткізген.

Прокурорлық қадағалау актісі негізінде анықталған заңбұзушылықтар жойылды.

Кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау, олардың дербес деректерінің сақталуын және білім беру ұйымдарындағы ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жұмыстары жалғасуда және прокуратура органдарының бақылауында.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары