Петропавлда мемлекеттің 8 млн теңгесін ұрлағандар сотталды

/
Петропавлда мемлекеттің 8 млн теңгесін ұрлағандар сотталды
istockphoto.com

«Петропавл қаласының тұрғын үй қызметі» ЖШС директоры және бас инженері 8 млн теңгеден астам мемлекеттік ақшаны иемденген. 2025 жылғы 3 шілдеде Петропавл қалалық сотында үкім шықты, деп хабарлайды turkystan.kz.

Директоры «К» мен бас инженер «Т» қызметтік жағдайын пайдалана отырып, ірі мөлшерде бюджет қаражатын иемденгені үшін кінәлі деп танылып, «К» 3 жылға, «Т» 2 жылға бас бостандығынан айырылды. 

Мемлекеттік айыптау осындай жолмен сорғы станциясын, сондай-ақ тұрғын үйлерді сумен жабдықтау және жылыту жүйелерін жөндеуге бөлінген 8 млн теңгеден астам қаражатты иемденгенін дәлелдеді.  

Мұндай істердің салдары әрдайым залал санынан әлдеқайда ауыр. Біріншіден, бұл билікке деген сенімнің бұзылуы. 

Үкім 2025 жылдың 26 тамызында заңды күшіне енді.

 

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары