Дубайдағы инженерлер ұшаққа арналған әуе жастықшаларын жасап жатыр. Жоба Project Rebirth деп аталады және ол беделді James Dyson Award байқауының финалына өткен, деп хабарлайды turkystan.kz. байқаудың ресми сайтына сілтеме жасап.
Жүйе ұшақ апатқа ұшырауы мүмкін екенін анықтаған сәтте небәрі 2 секунд ішінде фюзеляждың сыртына алып әуе жастықтарын ашады. Ал салон ішінде арнайы сұйықтық бар, ол соққы кезінде бірден қорғаныш геліне айналады.
Егер қозғалтқыштар істеп тұрса, жүйе кері тартылыс күшін қосып, ұшақтың жылдамдығын азайтады. Ал қозғалтқыштар істен шыққан жағдайда, газды тұрақтандырғыштар құлауды баяулатады.
Инженерлердің айтуынша, бұл технология авиациядағы қауіпсіздік деңгейін түбегейлі өзгертетін жаңалық болуы мүмкін.