Қазақстанның ЖІӨ өсімі 8 айда 6,5 пайызға жетті

/
Қазақстанның ЖІӨ өсімі 8 айда 6,5 пайызға жетті
istockphoto.com

Ұлттық статистика бюросының жедел деректері бойынша, 2025 жылдың сегіз айында Қазақстанның ЖІӨ өсімі 6,5 пайыз болды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Өсудің негізгі факторлары сауда, өнеркәсіп және байланыс салаларындағы оң динамика болды.

Өнеркәсіп 7,6%-ға өсті. 2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда өсім 6,5 пайызға жеткен өңдеу секторындағы өсім қарқынының жеделдеуі байқалды.

Өңдеу өнеркәсібінің негізгі драйверлері: машина жасау (+15,1%), тамақ өндірісі (+10,1%), мұнай өңдеу (+7,6%), химия өнеркәсібі (+7,5%) және металлургия (+1,1%) салалары.

Сауда негізінен көтерме сауда есебінен 8,9%-ға өсті, оның саладағы үлесі 66,6 пайызға жетті. Ең жоғары өсу қарқыны Шымкент (+21,3%), Шығыс Қазақстан (+5,7%) және Жетісу (+0,6%) облыстарында тіркелді.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары