«Пәтер жалға беремін»: Алматыда жұртты алдаған жас жігіт ұсталды

/
«Пәтер жалға беремін»: Алматыда жұртты алдаған жас жігіт ұсталды
istockphoto.com

Алматыда пәтерді жалға беремін деп тұрғындарды алдаған интернет-алаяқ ұсталды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Алатау аудандық полиция басқармасының қызметкерлері интернет арқылы алаяқтықпен айналысқан жас жігітті ұстады. Ол тұрғындарға пәтерді жалға беремін деген желеумен жалған хабарландырулар орналастырып, алдын ала төлем алғаннан кейін телефонын сөндіріп, ізін суытқан. Қазіргі уақытта оның бірнеше қылмыс эпизодына қатысы бары анықталып отыр. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

- Мұндай қылмыстармен күрес Мемлекет Президентінің Қазақстан халқына Жолдауында берген тапсырмалары аясында жүзеге асырылуда. Бүгінде интернет азаматтар үшін қолайлы құрал ғана емес, алаяқтар үшін де қылмыс алаңына айналып барады. Сол себепті қала тұрғындарын кез келген онлайн-келісім кезінде аса мұқият болуға шақырамын. Бейтаныс адамдарға ақша аудармаңыздар, хабарландырулардың шынайылығына көз жеткізіңіздер және әрқашан сақтық танытыңыздар. Тек осылай ғана өзімізді және жақындарымызды қорғауға болады, – деді Алатау аудандық полиция басқармасының бастығы Еділхан Байгараев.

Полиция ескертеді: егер сіз интернет-алаяқтардың құрбаны болсаңыз, дереу "102" нөмірі арқылы полицияға хабарласыңыз.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары