Израиль Катар астанасы Дохада орналасқан ХАМАС ұйымының болжамды штабына соққы жасады. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бұл оқиғаға байланысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды turkystan.kz.
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі жазды.
"Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қатар астанасы Дохада Израиль билігі жасаған әскери акцияны айыптайды. Қандай мақсатты көздесе де, мұндай әрекетке жол беруге болмайды. Бұл Қатар мемлекетінің егемендік құқығын бұзады және халықаралық құқық қағидаттарына қайшы келеді", -делінген хабарламада.