Балқаш мектептеріне жарылғыш зат қойылды – Полиция жауап берді

/
Балқаш мектептеріне жарылғыш зат қойылды – Полиция жауап берді
istockphoto.com

Белгісіз адамдар Балқаш қаласындағы мектептерге жарылғыш зат қойылды деген ақпарат таратқан, деп хабарлайды turkystan.kz.

«Әлеуметтік желілерде және Telegram-арналарда Балқаш қаласының мектептерінде жарылғыш заттар қойылды деген қауесеттер тарап жатыр. Ресми түрде хабарлаймыз: бұл ақпарат шындыққа жанаспайды. Жалған мәлімет тарату дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Барлық білім беру мекемелерін полиция қызметкерлері тексерді – ешқандай жарылғыш зат анықталған жоқ», – делінген Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметінің хабарламасында.

Қазіргі уақытта жалған ақпарат таратқан адамдарды анықтап, ұстау үшін ауқымды жедел-тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр.

Қарағанды облысының полиция департаменті ескертеді: терроризм актісі туралы жалған хабар таратқаны үшін қатаң қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.

«Балқаш тұрғындары мен қонақтарын сабыр сақтауға, арандатушылыққа берілмеуге және тек ресми ақпарат көздеріне сенуге шақырамыз», – деді ведомство.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары