Өзбек спортшысы Бабур Абдулазизовке қазақстандық танымал актер, әрі спортшы Еркебұлан Тоқтарды жеңген жағдайда қандай сыйлық берілетіні белгілі болды, деп хабарлайды turkystan.kz.
Бұл туралы қазақстандық жекпе-жек шебері Еркебұлан Тоқтар әлеуметтік желіде айтты. Ол жариялаған видеода ер адамның спорт зал ішінде Бабур Абдулазизовке жеңісі үшін кобальт көлігін сыйлайтыны айтылған.
"Біреу Бабурға мені жеңсе кобальт машина тарту етемін депті. Ойлап қарасам, бізде көлікті Олимпиаданы ұтып келгендерге береді ғой. Демек мен оларға Олимпиада болып тұрмын ба? "Өтенімені, осыны ұтшы! Көлік сыйлаймын" дейтіндей қарсылас болып тұрмын ба сонда?", - деді әзіл-шыңы аралас сөйлеген Е. Тоқтар.
Оның бұл видеосына қатысты желі қолданушылары қызықты пікір жазып қалдырған.
"Ағасы, сен өзбектерге Конор болып көрінесің", "Бастысы ноутбук емес. Сені жоғары бағалайды екен", "Өзбекстанда 2025 жыл - "Еркебұлан жылы", "Саған да кобальтімді беремін ұтсаң, Еркебұлан" деп жазды желі қолданушылары.