Tesla компаниясы өзінің бас директоры Илон Маскқа 10 жыл бойы қызметте қалуы үшін $975 млрд ұсынды. Келісім бойынша Масктың қайда тұратыны немесе қанша сағат жұмыс істейтіні маңызды емес, бастысы ол орнында қалуға тиіс, деп хабарлайды turkystan.kz wsj-ға сілтеме жасап.
Алайда осы қаржыны толық көлемде алу үшін Tesla компаниясына бірнеше күрделі міндеттерді орындау қажет: капитализацияны $8,5 трлн-ға жеткізу, жыл сайын 20 млн автокөлік сату, 1 млн роботакси және 1 млн гуманоидты Optimus шығару.
$975 млрд дегеніміз 100 долларлық купюралармен толтырылған шамамен 500 фураға тең.
Бұл ұсыныс әлемдегі ең ауқымды бас директорлық келісімдердің бірі саналады және Tesla мен Масктың болашақтағы стратегиясына үлкен қызығушылық тудырып отыр.