Ауғанстандағы жер сілкінісінен кейін құтқарушылар әйелдерге назар аудармаған. Бұл туралы The New York Times басылымы жазды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Ешкім әйелдерге көмек ұсынбады, не қажет екенін сұрамады, тіпті оларға қарамады, – делінген мақалада.
Басылымның дерегінше, мұндай жағдайға елде қолданылатын мәдени нормалар себеп болған. Олардың мәдени нормасы бойынша, әйелдерге жақын туысы емес ер адамдардың қол тигізуіне қатаң тыйым салынады.
Куәгерлердің айтуынша, еріктілер мен құтқарушылар үйінді астынан ерлер мен балаларды шығарып жатқан, ал әйелдер мен жасөспірім қыздарға қауіп төнгенімен, көмек кешіктірілген.
Еске сала кетсек, 4 қыркүйекте Ауғанстанда магнитудасы 5,6 балл болатын жер сілкінісі тіркелді. Эпицентрі Желалабад қаласынан 41 шақырым солтүстік-шығыста болған.