Ақтөбеде танымал әнші Qarakesek ұсталды

/
Ақтөбеде танымал әнші Qarakesek ұсталды
Ашық дереккөзден

Танымал әнші Qarakesek есірткімен ұсталды , деп хабарлайды turkystan.kz.

Бұл туралы Ақтөбе облысы Полиция департаментінің ресми парақшасы жариялады.

Ақтөбе қаласында жүргізілген жедел іс-шаралар барысында 31 жастағы рэп-орындаушы есірткілік масаң күйінде көлік жүргізіп отырған жерінен ұсталды.

Тінту кезінде одан ұнтақ тәрізді зат салынған зип-пакет табылып, тәркіленді. Сараптама қорытындысы оның синтетикалық есірткі заты екенін анықтады.

Медициналық куәландыру нәтижелері де оның көлікті есірткілік масаң күйде басқарғанын растады.

Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сонымен қатар, сот шешімімен құқық бұзушы 15 тәулікке әкімшілік қамаққа алынып, 7 жыл мерзімге көлік жүргізу құқығынан айырылды.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары