«Шығын – 90 млн»: Көкшетауда шенеунік құрылысы аяқталмаған үйлерді қабылдап жіберген

/
«Шығын – 90 млн»: Көкшетауда шенеунік құрылысы аяқталмаған үйлерді қабылдап жіберген
istockphoto.com

Көкшетау прокурорлары халықтың әлеуметтік осал топтарына арналған көп пәтерлі тұрғын үйлерді жалған пайдалануға беру фактісін анықтады, деп хабарлайды turkystan.kz.

2023 жылы Көкшетау қаласының Құрылыс бөлімінің бұрынғы басшысы қаражат аудару арқылы құрылысы аяқталмаған көп пәтерлі екі тұрғын үйді (140 пәтер) пайдалануға қабылдау актісіне қол қойған.

Оның заңсыз әрекетінің салдарынан мемлекетке 90 млн теңгеден астам шығын келген.

Аталған факті бойынша қала прокуратурасы «Лауазымды адам өзiнiң қызмет бабын пайдалана отырып жасаған, сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi аса iрi мөлшерде иемденiп алу немесе талан-таражға салу, яғни жымқыру» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары