«Оны күзетшіге беремін»: Мақпал Жүнісова зейнетақысы қанша екенін айтты

/
«Оны күзетшіге беремін»: Мақпал Жүнісова зейнетақысы қанша екенін айтты
instagram

Халық әртісі Мақпал Жүнісова қанша теңге зейнетақы алатынын мәлім етті, деп хабарлайды turkystan.kz сайты Stan.kz-ке сілтеме жасап.

Өнер иесі 11 қаңтарда 62 жасқа толып, зенетке шыққан болатын.

«Шешем 47 жасында әкемнен жесір қалды. Зәкең қайтқанда маған: «Енді күйеуге шығамын» деп ойлама. қызыңды өсір. Өлмейсің» деді. Сол сөзі әлі жадымда. Әйтпесе ол кезде жас едім. Аяқ-қолым балғадай болып, тұрмысқа шығып кетуші едім. Сөйтсем, уақыт өтіп кетіпті. Қазір 62 жастамын. Зейнетке шықтым. 210 мың теңге зейнетақы аламын. Үкіметтің 45 жыл сахнада жүрген халық әртісіне беріп отырған ақшасы. Оны мен күзетшіге төлеймін. Сосын әріқарай күн көру үшін тойға шығамын», – деді әнші.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары