Владимир Путин Зеленскиймен кездесуді Мәскеуде өткізуді ұсынды

/
Владимир Путин Зеленскиймен кездесуді Мәскеуде өткізуді ұсынды
Ақорда

Владимир Путин Қытайға жасаған сапарының қорытындысы бойынша өткен баспасөз конференциясында Владимир Зеленскиймен кездесу мүмкіндігі туралы пікір білдіріп, ондай кездесуді ешқашан жоққа шығармағанын еске салды, деп хабарлайды turkystan.kz Kazinform-ға сілтеме жасап.

Путиннің айтуынша, мұндай келіссөздерді өткізуді одан Дональд Трамп сұраған. Осыған байланысты Ресей басшысы Зеленскийді Мәскеуге келуге шақырды.

— Егер Зеленский дайын болса — Мәскеуге келе берсін, ондай кездесу өтеді, — деді Путин.

Сондай-ақ, Владимир Путин Дональд Трамппен мүмкін болатын кездесу туралы да пікір білдірді:

— Кездесудің уақыты белгісіз, дайындық жүргізіліп жатқан жоқ, бірақ шақыру үстелде жатыр, — деді ол.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары