Қазақстандық жас шахматшы БАӘ-дегі жарыста чемпион атанды

/
Қазақстандық жас шахматшы БАӘ-дегі жарыста чемпион атанды
Спорт комитеті

11 жастағы Әлімжан Жауынбай БАӘ қаласы Эль-Фуджейрада өткен халықаралық шахмат фестивалінде чемпион атанды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Youth-Open турнирінде ол 9 мүмкін ұпайдың 8-ін жинап, 250 қатысушының арасынан үздік шықты.

Ал оның ағасы, 13 жастағы Алдияр Жауынбай, Masters турнирінде тамаша нәтиже көрсетті: 6 ұпай, +72,4 рейтингке қосымша және халықаралық шебер (IM) нормасын орындады!

Бұл жетістіктер – Қазақстанда жаңа буын мықты шахматшылар өсіп келе жатқанының дәлелі. Алда – әлем және Азия чемпионаттары, біздің жас дарындар биік белестерді бағындыруға дайын.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары