АҚШ-та екі ұшақ соқтығысты

/
АҚШ-та екі ұшақ соқтығысты
фоттюо: CNN

АҚШ-тағы Колорадо штатында әуежайға қону сәтінде екі жолаушы ұшағы ауада соқтығысты. Бұл туралы  АҚШ-тың Федералды авиация басқармасы мәлім етті, деп хабарлайды CNN арнасы.

Оқиға жексенбі күні таңертең болған. Cessna 172 және Extra Flugzeugbau EA300 маркалы әуе кемелері қонуға әрекеттенген кезде бір-бірімен соқтығысқан.

Әр ұшақта екі адамнан болғаны нақтыланды. Апат салдарынан бір адам қаза тауып, тағы үшеуі жарақат алды.

Broadcastify платформасында жарияланған құтқарушылардың радиожазбасында апат орнында "қара түтін" мен "жалын" байқалғаны айтылады. Сонымен қатар ұшақтардың бірінде адам қалып қойғаны хабарланған.

Бұған дейін, 16 тамызда Конго Республикасында Ан-26 ұшағы ағашқа соғылып, алты адам қаза тапқан еді. Бортта болғандардың ішінде тек бір адам ғана аман қалған, марқұмдардың арасында екі шетелдік ұшқыш бар.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары